RU

Атышулы ресейлік журналист Мәскеуден мұсылмандарды қуып жіберуге шақырды

Атышулы ресейлік журналист Божена Рынска Мәскеуден мұсылмандарды қуып жіберуге шақырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы news.rambler.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеудегі Мьянма елшілігінде мұсылмандар жиналып митинг ұйымдастырғанына күйінген Божена мұсылмандарға қарсы күресу керек деген пікірін алға тартты.

"Орыстарға тиесілі қалада жүздеген мұсылман дұға етуде, ал полиция оларды қуып шығуға қорқады. Бұл біздің аудан… Өз ауданымда жабайылардың отарын көруге құлқым жоқ", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: "Әбу-Даби Плазадағы" елді дүрліктірген қақтығыс шын мәнінде қалай болды?

Журналист агрессияға бейім мұсылмандармен радикалды жолды ұстана отырып күресу керек деген пікірде.

"Агрессорды тыныштандыру мүмкін еместігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Агрессор сенің мойныңа мінгенше талаптарын күшейте береді. Нәтижесінде шошқа етін сатпа, біздің ауданда қысқа шорты киме дегендей тыйымдар қойыла бастайды... Мүлде шектен шықты... Агрессорды жеңудің жалғыз жолы сазайын тарттыру. Басқа жол жоқ", - дейді Божена.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607831-atyshuly-reseylik-zhurnalist-maskeude.html