RU

Әйелдердің толғағын өз басынан өткерген жігіттер талып түсе жаздады

Жүкті әйел бірде бір ер азамат төзе алмайтын толғақты басынан өткереді деген сөзге көзін жеткізбек болған жігіттер өздері де толғақты басынан өткерді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода екі ер адам әйелдердің толғатқанда шын мәнінде не сезінетінін түсіну үшін арнайы медициналық орталыққа келгені байқалады. Олар дәрігерлердің көмегімен нағыз толғақты өз денелерінде сезіну мүмкіндігіне ие болады.

Тағы оқыңыздар: Атышулы ресейлік журналист Мәскеуден мұсылмандарды қуып жіберуге шақырды

"Біз бар-жоғы бір сағаттық толғақты бастан өткердік. Ал әйелдер жеті сағаттап толғатады. Егер менің анам мені босанғанда расымен осыны сезінген болса одан кешірім сұрап, шексіз алғысымды білдіремін. Бұл біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр екен", - деп ағынан жарылды ер азаматтардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607922-ayelderdinh-tolghaghyn-oz-basynan-otker.html