RU

Алматыда балалар үйінің бұрынғы түлегі өзін өзі өртеп жіберді

Алматыда балалар үйінің бұрынғы түлегі өзін өзі өртеп жіберіп, көз жұмды. Жас жігіт "жастар үйінде" тұрған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Nur.kz-ке балалар үйінің бұрынғы түлегі Серік Кенжебеков хабарлаған. Жігіттің айтуынша, қайғылы оқиға өткен дүйсенбі күні болған. Сондай-ақ оның мәліметінше, марқұм болған жігіттің жүйкесі сыр берген.

"Бұл таңғы сағат төртте дәл "жастар үйінде" болды. Ол үстіне бензин құйып, өртеп жіберді", - деп хабардар етті Кенжебеков.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық боксшы 21 жастағы жігітті бір соққысымен өлтіріп тастады

Оның сөзінше, қаза болған жігіттің жасы-28-де.

Жас жігіттің қаза болғанын Алматы қаласының ІІД-де растады.

"Аталған факт істің бірыңғай реестріне тіркелді. Әуезов аудандық ІІБ-нің тергеу бөлімі аталмыш оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп, нәтижесінде өлімге не себеп болғанын анықтайтын болады. Алдын-ала мәлімет бойынша, жас жігіт психикалық ауытқушылыққа шалдыққандардың тізімінде тұрған", - деп атап өтті ІІД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607943-almatyda-balalar-uyininh-burynghy-tule.html