Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйген қызына" несие алдырып қашып кеткен астаналық альфонс отбасылы болып шықты

Опубликовано:

Әсем Досбаева есімді астаналық келіншек сүйіктісінің өзін қыруар несиеге батырып, хабарласпай кеткенін айтып NUR.KZ порталының редакциясына хабарласқан болатын. Өздігінен зерттеу жасаған бойжеткен оның отбасылы, балалы-шағалы адам екенін айтып, таңғалысын жасыра алмаған. Тақырға отырған бойжеткен кез келген жігітпен көңіл жарастырар алдында оның кім екеніне көз жеткізіп алу керек екенін айтып, ақыл-кеңесін айтты.

Астаналық бойжеткенге несие алдырып, артынша хабарсыз кеткен Расул Төлегенов (авт.аты-жөні жалған) үйлі-баранды болып шыққан.

Осыдан бірер апта бұрын порталға хабарласып, өзінің жанайқайын жеткізген елордалық Әсем Досбаева (авт. аты-жөні өзгертілді), 700 мың теңгеден астам несие алып берген сүйіктісін әлеуметтік желіден тауып алғанын айтып, оның тіпті, отбасылы жігіт екенін жеткізді. Астаналық арудың сөзіне сенсек, «альфонстың»аты-жөні де басқа болып шыққан.

«Алдыңғы аптада Расул (Айдын) хабарласып, сол аптаның жұма күні Алматыдан Астанаға келіп, менімен кездесетінін айтқан еді. Алайда, бұрынғы әдетіне басып, сөзінде тұрмады. Бұған қоса телефонын да сөндіріп тастады. Бірақ, Алланың өзі көмектескен шығар, бірде ғаламторда, әлеуметтік желілердің бірінен алғашында суретін, сосын әлгі адамның парақшасын тауып алдым.

Желідегі суреттерге қарап, оның үйленгендігін, тіпті, екі баласы бар екенін көрдім. Жігіттің аты Расул емес, Абетеев Айдын Төлегенұлы болып шықты. Туған күні – 1.07.1991 жылғы деп көрсетілген.

Осы мәліметтерді басқа қалада ІІД-де қызмет ететін жездеме бергенімде, аталған ақпарат рас болып шықты. Тіпті, Руслан деген ағасының алаяқтық әрекетке барғаны үшін, істі болғаны анықталды», - деп мәселені түсіндірді Әсем.

Бойжеткен бұған қоса, оның жұбайының желідегі парақшасын да тауып алған.

«Расулдың желідегі парақшасы арқылы оның жұбайын да тауып алдым. Тіпті, оның Астанадағы Ұлттық медициналық орталықтардың бірінде жұмыс жасайтынын да білдім. Іле-шала оған «алған қарызымды қайтарып берсеңіздер» деп хабарлама жазғанымда, жұбайы ол ақша туралы ештеңе білмейтінін айтып, артынша өзіме жала жаба бастады.

Мәселенің мән-жайын білу мақсатында, Айдын Абетеевке хабарласқанымызда, телефоны сөндірулі болды. Астаналық бойжеткен енді әділдік іздеп, құзырлы органдарға алаяқтың үстінен шағым жазуды жоспарлап отыр.

«ІІД-не бұған дейін де барып, арыз жазған едім. Алайда, қолымда ақша алғаны туралы ешқандай дәлел жоқ деген желеумен, ондағылар шағымымды кері қайтарып берген еді және ол кезде азаматтың нақты аты-жөнін де білмеген едім. Енді, алаяқтың тегін, ЖСН-де білемін. Құзырлы органдарға барып, алаяқтың үстінен арыз-шағым жазып, одан қалай да ақшамды қайтарып беруін талап ететін боламын»,-деп сөзін түйіндеді бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1607956-suygen-qyzyna-nesie-aldyryp-qashyp-ket/

pixel