RU

Танымал радионың студиясына ұрлыққа түскен жігіт камераға түскенін сезбей қалды

Алматыда орналасқан "Радио Медиаметрикс" студиясын тонап кетті. Қылмыскер бейнекамераға түсіп қаламын деп ойламаған. Бұл жайт туралы Қазақстан интернет қоғамдастығының президенті, қоғамдық радионың қамқорлық кеңесінің төрағасы Шавкат Сабиров мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Оқиға таңғы төрт шамасында болған. Қылмыскер жалғыз емес - ол іштен ұрланған заттарды көшедегі біреуге шығарып беріп отырды. Екі миллион теңгеге жуық зиян келді. Той-бизнеске қажетті студиялық құрал-жабдықтарды, атап айтқанда, микрофон, камера, штативтер, фотоаппаратты алған. Ал қымбат тұратынына қарамастан студиялық микрофонды  көшеге қалдырып кетіпті, олар өте ауыр болған, бәлкім сондықтан болар. Компьютерлерге тиіспеген", — дейді Сабиров.

Студиядағы камера түсірген видеодан қылмыскердің бет-әлпеті анық көрінеді. Ол тіпті артынан із қалдырып бара жатқанын сезбеген. Шавкат Сабировтың сөзінше, камера қозғалыс пен дыбысты сезіп, автоматты түрде қосылады.

"Студияда сигнализация болмаған. Төменгі қабаттағы кіре берісте күзетші отыратын. Ал қылмыскер терезеден кірген", — дейді ол.

Радио қызметкерлері полицияға шағымданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1607957-almatyda-radio-studiyasyna-urlyqqa-tu.html