RU

Девальвациядан кейін өзбек көлігінің құны өзгере ме?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның GM Uzbekistan компаниясы автокөліктердің бағасын девальвацияға дейінгі деңгейде сақтап қалды, деп хабарлайды Baq.kz.

5 қыркүйектен бастап GM Uzbekistan автокөліктерінің бөлшек саудадағы бағасы тек қана ұлттық валютада белгіленеді. Бұған дейін де баға суммен анықталатын, бірақ доллар бағамына байланысты апта сайын өзгеріп тұрған.

GM Uzbekistan компаниясы Chevrolet, Ravon брендтерімен автокөліктің 10 үлгісін, атап айтқанда, Matiz, Spark (R2), Nexia (R3), Cobalt (R4), Lacetti (Gentra), Captiva, Malibu, Orlando, Damas және Labo үлгілерін шығарады.

Тағы оқыңыздар: Мүфтият: Мьянма мұсылмандарына жасалған қасіретті қатаң айыптаймыз

Өзбекстан билігі сондай-ақ елде жеке тұлғалар үшін шетелдік валюталарды сату және сатып алу рәсімдері жеңілдетілгенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Орталық банкі елдің ұлттық валютасы – сумды екі есеге дейін құнсыздандырды.

2017 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бағам бір долларға 8 100 сум көлемінде бекітіледі. Орталық банктің мәліметінше, өткен аптада бір доллардың құны 4 210,35 сум болған.

Девальвация 2017 жылдың 2 қыркүйегінде Өзбекстан президенті «Валюта саясатын ырықтандыру бойынша бірінші кезектегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаннан кейін жасалды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Девальвациядан кейін өзбек көлігінің құны өзгере ме?
Mailfire view pixel