RU

Сиви Махмуди өзін қудалап жүрген журналиске пәтер сыйлағанын айтты

Отандық әнші Сиви Махмуди NUR.KZ порталына өзіне тиесілі Salidat Lounge Bar ойын-сауықтық ғимараты орналасқан үйдегі мазасыз тұрғыннан шаршағанын айтты.

Әртіс әйелдің алдымен шуға, кейіннен бардағы қорқор түтініне шағым түсіргенін айтады. Ақыр аяғында алматылық тұрғын Сивиден жаңа пәтер талап еткен.

Онымен арпалысудан шаршаған әнші алматылық тұрғынға пәтер әперіп, тіпті оның дүние - мүліктерін көшіріп апарғанын айтады. Бірақ, Сивидің қарсыласы бұған да тоқтай қоймапты. Жаңа пәтерге орналасып алған соң, алматылық әншінің ғимаратын сүру туралы сотқа шағым түсірген.

Әншінің сөзінше, аталған тұрғын  - журналист және ол Сиви жайлы БАҚ беттерінде мақалалар жариялайды екен.

Тағы оқыңыздар: Сәкен Майғазиев қазақ жігіттерін үнділік азаматтарға тиіспеуге шақырды (фото)

Сиви ар-намысын қорғап, әділдік орын алуы үшін сотқа шағымданбақшы.

Аталған мәселе бойынша NUR.KZ редакциясына Сивиді "қудалап" жүрген журналист Лариса Черненко хабарласып, істің мүлдем басқаша екенін айтты. Оның сөзінше, әнші оған ешқандай пәтер сатып әпермеген.

"Маған ол ешқандай да пәтер әперген емес. Ол өзінің караоке-бары орналасқан үйдегі менің пәтерімді сатып алып, мені басқа пәтерге көшуге мәжбүрледі.  Менде онымен алысып шаршадым. Ғимараттың заңсыз екенін растайтын соттың шешімі шықты. Ол шешімді шығарған мен емес. Сиви болса керісінше мені қудалауын доғарар емес, телефоным әртістен келген хаттардан жарылайын деп тұр", - дейді Лариса.

Еске салсақ, ертеректе Алматыда Сиви Махмудиге тиесілі караоке-барды сүріп тастайтындығы туралы хабар тараған. Мұндай шешімді 25-ші тамыз күні қалалық ауданаралық экономикалық сот қабылдаған.

"Рүстемова Анар Төлегенқызы" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі шағым түскен. Ойын-сауық орталығында қалалық құрылыс нормасына сай емес көптеген қателіктер орын алғандықтан, заңсыз құрылысқа шағым  мемлекеттік архитектуралы - құрылыс бақылау Басқармасына түскен.

Анар Рүстемова әншінің анасы және аталған үйдегі бірінші, екінші қабаттағы қос пәтердің қожайыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608157-otandyq-tanymal-anshi-men-beldi-portal.html