RU

Атышулы Төлешовтің люкс санатындағы көліктері екі есе арзан бағамен сатылып кетті (фото)

Шымкент сыра зауытының бұрынғы қожайыны Тоқтар Төлешовтің Bentley және GMC көліктері электронды саудада төмендетілген бағамен сатылды деп хабарлайды baq.kz.

Сауда-саттық gosreestr.kz сайтындағы электронды алаңда 5 қыркүйек күні өтті. Бұған дейін сот шешімімен Тоқтар Төлешовтың бірнеше көлігі саудаға шығарылған болатын, олар – 2005 жылғы Rolls-Royce, 2006 жылғы Bentley, 1992 жылғы Mitsubishi GT және 2006 жылғы GMC.

Bentley көлігінің бастапқы бағасы 13 703 000 теңге болған, бірақ бүгін ол 7 034 326,57 теңгеге сатылды.

Тағы оқыңыздар: Атышулы Төлешовтің люкс санатындағы көліктері екі есе арзан бағамен сатылып кетті (фото)

GMC жол талғамайтын көлігі 6 527 000 теңгемен саудаға шығарылған еді. Ол да бүгін иесін тапты, автокөлік 3 907 956 теңгеге өтті.

Айта кетейік, сатылатын көліктердің арасында Rolls-Royce маркалы көлік те бар. Ол 40 150 000 теңгемен саудаға қойылды. Әзірге автокөлікті сатып алатын адам табылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында белгілі шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды. Сот оның ақшасын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерін тәркілеуге қаулы етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608180-atyshuly-toleshovtinh-lyuks-sanatyndaghy-2.html