RU

11 баласы бар жалғызбасты ана орманда тұрып жан баққан күндерін еске алды

Талдықорған қаласының 39 жастағы тұрғыны Мәдина Тәуірбаеваның күйеуімен ажырасқанына бес жыл болған. Ол 11 баласымен бірге екі бөлмелі жалдамалы пәтерде қалай өмір сүретінін айтып берді. Тағдырына деген еш өкініші жоқ ана «NewTimes.kz» сайтына берген сұхбатында "балаларым баспаналы болса екен" деген арманым жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

19 жасында келін атанып, жар сүйген келіншек бүгінде 39-да. Қырыққа жетпей жатып ол 11 баланың анасы атанған. Балаларының барлығын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ананың бұл өмірден күтетін үміті көп. Өзін бақытты санайтын оның бір ғана арманы бар. Ол - мемлекеттің көмегімен баспаналы болу.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да әр ұстаздан 25 мың теңге жинады деген мектеп директорының бар "былығы" жария болды

Оның айтуынша, үй кезегіне ол әлдеқашан тұрып қойған.

"Орманда да тұрдық. Қиын болды. Балаларды мектепке апару қиын болды. Таяу маңдағы аялдамаға жету үшін жаяу қырық минут жүру керек еді", - деп еске алады ол.

2014 дылы ол Талдықорғандағы жатақханадан екі бөлмелі пәтерге ие болған. Шенеуніктер ол бөлмені жалға алу мерзімі - бір жыл екенін айтқан. Олар бұл пәтерде әлі тұрып келеді. Дегенмен кез келген сәтте пәтерсіз қалуы мүмкін ана жалдамалы пәтер емес, заң жүзінде тек өзіне ғана тиесілі болатын баспанаға ие болуды армандауда.

«Сотқа жүгіндім. Бірақ жеңіліп қалдым. Пәтер берілген дейді. Бірақ ол заң жүзінде заң жүзінде жалдамалы болып саналады. 50,7 текше метр. Сыймаймыз. Балалар еденде ұйықтап жүр", - деп алаңдайды ана.

Оның үлкен ұлы 19 жаста болса, ең кішісі бір жаста.

Тағы оқыңыздар: Тараздағы мейрамханада болған алапат өрттен оның ішіндегі кісілер тірідей жанып кете жаздады (видео)

 

«Балалар өсіп, бір жағыма шығады ғой. Барлық көп балалы отбасыларда солай. Бұрын да солай болған. Әжелеріміз соғыс кезінде де туған ғой. Ал қазір ше. Барлығы жеңіл ғой. Бастысы ерінбеу керек", - дейді болашақтан зор үміт күтетін ана.

 

Осылайша Мәдина Тәуірбаева өмірден еш түңілмейді. Балаларым - өмірімнің мәні" деген ана тек бір тілегі бар екенін айтты.

«Бәрі жақсы. Тек қана баспана ғана проблема болып тұр. Заң бойынша маған тиесілі баспанамды алғым келеді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608361-11-balasy-bar-39-zhastaghy-zhalghyzbasty-ana-o.html