RU

Тараздағы мейрамханада болған алапат өрттен тұрғындар тірідей жанып кете жаздады (видео)

Тараздағы мейрамханада болған алапат өрттен оның ішіндегі кісілер тірідей жанып кете жаздады деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұнда өрт таңертеңгі сағат оннан аса тұтанған. Лезде күш алған жалын ғимараттың төбесін күлге айналдырды. Дәмханаға жақын бір үйдің және екі шаруашылық нысанның шатыры да отқа оранған.

Тағы оқыңыздар: Өзбек және қырғыз басшыларының жары сұлулығымен көпшілікті тамсандырды 

Оқиға орнына 14 техника жеткізіліп, 90-ға жуық құтқарушы бір сағат көлемінде тілсіз жаумен алысты. Өртте қаза тапқандар мен денесін күйік шалғандар болмағанымен, ыстан уланғандар жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Әзірге жалынның неден шыққаны белгісіз. Бірақ ел арасында қаладағы клиенті көп дәмханаға бәсекелестері қызғаныштан қасақана от қоюы мүмкін деген болжам айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608393-tarazdaghy-meyramkhanada-bolghan-alapa.html