RU

Астаналықтар ЭКСПО аяқталарда 200-300 мыңның бұйымдарын жанталасып алып жатыр (фото)

Астанада ЭКСПО-2017 аяқталуға шақ қалды. Көрмеге ағылған туристер жанталаса қымбат кәдесыйларды сатып алып жатыр. Олардың бағасы 200-300 мың теңгеге дейін барады деп хабарлайды NUR.KZ.

Кәдесыйларды барлық дерлік елдің павильондары сатып жатыр. Олар өз елінен әкелінген бұйымдарды айтарлықтай салмақты бағаға сатуда. Соған қарамастан, халық кәдесыйларды алуға ақшасын аямауда.

Мәселен Шри-Ланканың павильонында алтын мен күміс бірден сатылып кетіп жатыр.

Әсіресе қымбат тастармен безендірілген алқалар үлкен сұранысқа ие. Сатушылар 186 мың теңгелік сапфир тасынан жасалған мына алқаның ондаған данасын сатып үлгергенін айтуда.

Ал арзандау тұратын 30-50 000 теңгелік алқалар, тіпті тез сатылады.

"Қазақстандықтар біздің киімді жиі сатып алады. 18000 теңгелік пончо, 15000 теңгелік жейде - бұл қымбат деп ойлайсыз ба?", - дейді шри-ланкалықтар.

Тағы оқыңыздар: Түркістанда жалақысының 25 мың теңгесі ұшты-күйлі жоғалған дәрігерлер шу шығарды

Монако павильонында суретке түсіруге рұқсат жоқ. Дегенмен біз жасырын түрде мына кәдесыйды суретке түсіріп алдық. Бұл енеке мен керіктің жүнінен жасалған ерлерге арналған білезік. Қалталы астаналықтар бұл бұйымды жиі сатып алып жатады.

Бағасы - 235 600 теңге. Бізге құпиясын ашқан павильон өкілдері аталмыш білезіктің дизайнын құруға Монако патшайымының өзі атсалысқан болуы мүмкін екенін айтып берді.

Швейцарияға өтейік – мұнда білезіктен бөлек нағыз швейцариялық сағат сатып алуға болады. Мәселен, Tissot фирмасының сағаттары.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында ер адам 15 жыл бойы төсектен тұрмаған

Ең арзаны – 133 000 теңге, алайда қазақстандықтар 208-217 000 теңгелігін сатып алуда. 322 000 теңгелік сағаттар да жақсы сатылып жатыр.

Көрмеде ақылға қонымды бағамен сатылатын бұйымдар да баршылық. Мәселен, үнді шыттары мен әшекейлері, таиландтық экзотикалық азық-түлік, грузин шарабы, чехиялық сыра. Оларды және өзге де қызық бұйымдарды 2-5-10 мың теңгеге сатып алуға болады.

Айтпақшы, Малайзия павильонында  24 000 теңгелік шыттар мен 12 000 теңгелік хиджаб сатылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608597-astanalyqtar-ekspo-ayaqtalarda-200-300-mynhn.html