RU

Артур Төлепов көпшілікке шетелдік қалыңдығын көрсетті (фото)

Еліміздегі сүр бойдақ актерлардың бірі Артур Төлепов желідегі парақшасында өз махаббатын жолықтырғанын мәлімдеді.

Қарапайым, қара қыз ал деп айтушы еді үлкендер! Мінекей маxаббатымды Нью-Йорктен таптым. Той туған жерім Ойылда өтеді.  Ағайын тойға дайындалыңыздар. Айтпақшы, келіндеріңіздің аты Джесика Кевинқызы Тұрмысқа шықпаған әпкелері бар. Бажа болам деушілер байланысқа шығыңдар. Махаббат түске және салмаққа қарамайды", -деп жазған ол.

Тағы оқыңыздар: Отандық танымал әнші мен журналист ғимарат үшін қырқысып қалды

Артурдың әзіліне желідегі оқырмандары қосылып, келіннің ұялшақ екенін жазды.

"Келін ұялшақ екен", "Майысып тұрғанын өзінің", "Бақытты болыңыздар!", "Мықты қыз екен" ,- деп жазды.

Еске салсақ, Артур Төлеповтің бұған дейін желіде жас журналист қызға ұсыныс жасап жатқан видеосы тараған, кейіннен оның әзіл екені белгілі болды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608640-artur-tolepov-zhelidegi-paraqshasyna-q.html