RU

Күйеу баласының арқасында Алла алдындағы парызын өтеген кейуана көз жасын тыя алмай жүр (фото)

Күйеу баласы қажылыққа жіберген шымкенттік кейуана көз жасын тыя алмай жүр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Қажылыққа бірінші рет келіп тұрмын. Күйеу балам жіберді. Өзінің ата-анасына мені қосып, үлкен сыйлық жасады. Ісі Алладан қайтсын. Əр мұсылман үшін арман болған қасиетті жерге табанымызды тигізді. Қуаныштан шыққан көз жасым тыйылар емес. Жылай беремін. Қайтқан жолдасым үшін де кіші қажылық жасадым. Балама ризамын. Оның үстіне мүфтияттың өз компаниясымен келдік. Балалар жүгіріп түсіндіріп жүр", - дейді Шымкент қаласынан келген қажы Əтіргүл Ахметова.

Тағы оқыңыздар: Дін істері министрі 17 жасында жасырын тоқал атанған қыздың ауыр тағдырын айтты

Ал Алла алдындағы парызын өтеу үшін алты жыл бойы зейнетақысын жинаған 70 жастағы қарияға қажылыққа бару үшін балаларды да көмектескен.

"Қажылыққа баруды армандап жүргенімізге көп болды. 2011 жылдан бастап зейнетақымды жинадым. Жылда үміттенемін. Биыл 70 жасымда сегіз балам көмектесіп, қажылыққа жіберді. Бəрі жақсы болды. Қызмет көрсету сапасы, түсіндірулердің өзі жайлы болды", - дейді Бақытжан Ілиясов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608703-kuyeu-balasynynh-arqasynda-alla-aldyn.html