RU

Махаббаттан басы айналған қыз 40 баланы өлтірген педофилге тұрмысқа шықты (фото)

Сергей Ткач — Украинаның ең қауіпті әрі қандықол қылмыскері. 40 баланы өлтірген педофил-маньяк жас бойжеткенмен көңіл жарастырып, оны жүкті етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Балаларды қалай азаптап өлтіргенін еш өкінбестен баяндап отыратын қылмыскер 2008 жылы 40 баланың өліміне кінәлі деп танылған. Оның соңғы құрбаны тоғыз жасар Катя есімді қыз еді. Маньяк өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Соған қарамастан, түрмеде жеке өмірін реттеп алған қылмыскер жас бойжеткенді жүкті етіп үлгерді. Ресейде тұратын Елена есімді бойжеткен Сергейді теледидарда тергеу туралы бейнесюжеттен алғаш көріп, ұнатып қалған. Қорқынышты фильмдер мен қандықол қылмыскерлердің хикаясын ұнататын Елена Сергейді көргенде онымен араласқысы келетінін түсінген. Ол Сергейге хат жазып, қылмыскер көп ұзамай оған жауап берген.

Тағы оқыңыздар: Күйеу баласының арқасында Алла алдындағы парызын өтеген кейуана көз жасын тыя алмай жүр

Ақыры 27 жастағы ару 65 жастағы педофилмен некесін қиды.

Елена педофилмен бір жарым жыл бойы хат жазысқан. Әр хатында Сергей Еленаны көргісі келетінін айтып, өзіне шақырумен болады. Елена кездесуге баруға бастапқыда батпай жүргенін айтады. Ол Сергейге шынайы өмірде ұнамай қалуынан қорқыпты.

Алғашқы кездесуде Сергей Еленаға көп сөйлеуден қорқып, үнсіз отырған. Көп ұзамай қылмыскер оған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды. Бойжеткен ұсынысты қабылдап, педофилмен некесін қиған.

Тағы оқыңыздар: Әділетсіздікке күйінген Ақтөбе тұрғыны кеудесіне тергеушінің есімін тіліп жазып қойды (фото)

Екінші кездесуден кейін Елена педофилден жүкті болып қалады. Бойжеткен Ресейге босануға келіп, қателік жасағанын айтуда. Ата-анасы Еленадан босанғаннан кейін баласын тартып алыпты.

"Олар күйеуімнің кім екенін білді. Түрмеде отырғанын да біледі. Олар баламды Украинаға әкетіп, әкесіне көрсетпеуім үшін барын салатынын айтты", — дейді Елена.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608737-makhabbattan-basy-aynalghan-qyz-40-balany.html