RU

Ақшадан қысылған 18 жастағы бойжеткен пәктігін сатылымға шығарды

Желіде пәктігін сатылымға шығарған тағы бір бойжеткеннің хабарламасы пайда болды. Елді шулатқан хабарламаны Украинаның Мелитополь қаласының Юлия есімді тұрғыны жариялапты деп жазады life.ru.

Студент қыз пәктігін 50 мың гривнаға (110 мың рубль шамасында) бағалапты.

"Жасым 18-де. Студентпін. Қыздығымды 50 мың гривна көлемінде көмек көрсете алатын байсалды жігітке беремін. Кездесу Мелитополь аймағында болады. Орынды өзім таңдаймын", - дейді бойжеткен.

Тағы оқыңыздар: Махаббаттан басы айналған қыз 40 баланы өлтірген педофилге тұрмысқа шықты (фото)

Сонымен қатар ол қаржы көңіл көтеру үшін қажет емес екенін де атап өтті. Бойжеткен өзінің пәк екінін дәлелдейтін құжатты көрсете алатынын, қажет болса ер адаммен бірге барып, тексеруден өтетінін де айтқан.

Юлия талай жігітпен кездессе де, пәкітігін сақтап қалғанын алға тартуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608753-aqshadan-qysylghan-18-zhastaghy-boyzhetken-p.html