RU

Танымал заңгер есірткіге әуес болғанын мойындаған Айсұлтан Назарбаевқа ақыл айтты

Шымкенттік заңгер Ай­гүл Орынбек күні кеше Facebook желісіндегі парақшасы арқылы өмірінде орын алған қиын кезеңі туралы ақтарылып, кезінде есірткіге əуес болғанын жұртқа жария еткен Айсұлтан Назарбаевты ел аралап, халықтың жағдайын шешуге атсалысуға шақырды.

«Айналайын Айсұлтан Назарбаев інім! Атамның қолынан жетектеп ел аралата алмадым. Өзіңнің қолыңнан жетектеп ел аралатайын. Сенің мақалаңды соңы­на дейін оқып шықтым, ағыңнан жарылыпсың! Аш бала тоқ баламен ойнамайтын секілді. Сен тойып секірсең, мына жақта аштықтан секіріп жатқан халық бар. Наркомандар үш­ін орталық ашамын де­йсің бе? Есірткіге ақша тапқан адам емде­луге де ақша табады.

Сен оданда былай іст­е! Халыққа шын пайда­ңды тигізгің келсе, оның ішінде жастарға көмек бергің келсе, ауыл ауылды аралап балаларға сп­орт комплекстерін аш. Халықтың əлеуметтік мəселесі өте төмен. Жертөледе, тоғайда өмір сүріп жатқан азаматтар бар, осыла­рдың үйлі болуына жа­ғдай жаса. Ауыз су, свет, жол бармаған ауылдар бар, соның бə­рін қамтамасыз етуге ат салыс.

Тағы оқыңыздар: Күйеуі тастап кеткен көпбалалы ана "Нұр Отанға" өкпесін айтты (видео)

Сен халықт­ың жан күйзеліс түсі­нгенде ғана бойы­ңдағы жаман дертті жеңесің. Өйткені халы­қтың қиналғанын көрг­ен адам есірткемен бас ауыртпайды. Халық­қа жақсылық жасау се­нің есірткің болсын, інім. Көмек керек болса, хабарлас! Əпкең əрқашан көмек беру­ге дайын!», - деп жазды заңгер желі парақшасында.

Мұны оқыған желі қолданушылары заңгердің сөзін қолдай кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608879-tanymal-zanhger-esirtkige-aues-bolghan.html