RU

Қажылық аяқталды: Бес парызының бірін өтеген тұрғындардың алды елге оралып жатыр

Мекке мен Мəдина қаласындағы құлшылық амалдарын бітірген қажылардың алды елге оралды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қажылардың арасында адам шығыны болмағанын қуана хабарлайды.

Денсаулығына шағым айтқандар саны көп болғанымен 2500 адамның ішінде екі қажы ғана ауруханаға жатқызылған. Оның бірі Мəдина қаласында аяғын жарақаттап алған 90 жастағы əже болса, екіншісі Мекке қаласында қағбаны тəу ету кезінде денсаулығы нашарлаған қария. Ол осыған дейін инсульт алған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан алғаш жұмысын бастаған "Tawaf travel" қажылық компаниясы қызметіне риза болып жатқандар көп.

Қазақстандық үздік он имам қажыларға қолбала қызметін атқарды

"Тawaf travel" компаниясы қажылыққа білдей облыстарды басқарып отырған 10 имамды ертіп апарды. Ол еліміздегі қажылыққа ниет білдірген 40 имамның ішінен таңдалған. Имамдар қасиетті жерге рухани азық іздеп барғандарға уағызды үзген жоқ. "Тawaf  travel" компаниясы жүргізген уағыз жұмыстарына риза болған өзге компаниялардың қажылары рухани азық алды.

Тағы оқыңыздар: Күйеу баласының арқасында Алла алдындағы парызын өтеген кейуана көз жасын тыя алмай жүр (фото)

Имамдардың гид болуы қызмет сапасын арттырады

"Ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсетуге тырыстық. Қажының қалтасынан шыққан қаржы толыққанды жұмсалды. Қабыл болуға лайықты құлшылық жасауға жағдай туғыздық. Тек қана тіл білетін гидтен гөрі рухани басшылықты имамның өзі қолға алғаны бөлек.  Олардың ішінде халықпен жұмыс жасап, топ бастай алатын үздігі таңдалды. Қызмет сапасын келесі жылы бұдан əрі дамытуды жоспарлап отырмыз", - дейді "Tawaf travel" қажылық компаниясының директоры Жанділлə Бекжігітов.

Мүфтияттың қажылық миссиясы қолға алған жұмысты дамытуды жоспарлап отыр. 

"Қазақстанның барлық қажылық фирмалары сенің жаныңа топтасатындай жұмысты жоспарлай алуымыз керек. Арафат пен Мина жазықтарында қазақтар бір жерде жатса елдің бірлігін көрсетер еді. Осыған жұмыс жасауымыз керек. Меккеден қонақ үйді бірнеше жылға жалға алу жолдарын қарастырамыз. Қажылар келетін орын қазақы оюмен безендірілсе, ұлттық құндылықтарымыз көрсетіліп, рухани демалуды ұсына алуымыз керек. Қонақ үйде өзіміздің ұлттық асханамыз жұмыс жасап тұрса деген тілектеміз. Жəне осыған қол жеткізу үшін жұмыс жасайтын боламыз",-дейді қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608944-qazhylyq-ayaqtaldy-bes-paryzynynh-birin.html