RU

Серік Ахметовтің түрмеден неліктен ерте шығатыны белгілі болды

Қарағанды облысы Абай аудандық соты Серік Ахметовтің өтелмеген мерзімін бостандықты шектеу жазасымен алмастыру туралы өтінішін не себепті қанағаттандырғанын түсіндірді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Қылмыстық кодекстің 73 бабына сәйкес, сотталушы жазасының кемінде үштен бір бөлігін өтеп, келтірілген шығынды толық өтеген жағдайда, сот оның жазасын жеңілдете алады.

Сот шешім қабылдамас бұрын прокурордың және қылмыстық-атқарушы орган әкімшілігінің пікірін есепке алды.

Тағы оқыңыздар: Қажылық аяқталды: Бес парызының бірін өтеген тұрғындардың алды елге оралып жатыр

Ахметов түрмеде өзін жақсы қырынан танытып, тәртіпті азамат ретінде көрсеткен. Ол ішкі тәртіпті бұлтартпай орындап, колонияның белсенді өміріне атсалысып келді. Одан бөлек Ахметов мемлекетке келтірген материалдық шығынды өтеген.

Аталған жайттарды ескере отырып, сот Серіковтің өтелмеген мерзімін бостандығын шектеу секілді жеңілірек жаза түрімен алмастыру туралы шешім шығарды.

Соттың шешімі 2017 жылдың 21 қыркүйегінде заңды күшіне енеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін БАҚ беттерінде Қазақстанның экс-премьер-министрі Серік Ахметовтің 21 қыркүйекте бостандыққа шығатыны жайлы хабар тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1608978-ozin-tartipti-ustady-sot-serik-akhmeto.html