RU

Атырауда ер адам жақын досын үстелдің аяғымен 115 рет ұрып өлтірген

Атырауда ер адам досының басынан үстелдің аяғымен 115 рет ұрған, салдарынан жәбірленуші көз жұмды деп хабарлайды Baq.kz.

Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралды.

Сот анықтағандай, олар ішімдік ішкен соң сөзге келіспей қалып, жанжал басталған. Содан кейін ер адам досының басына ыстық шайды төгіп жіберіп, дастарқанды аударып тастайды. Жауап ретінде айыпталушы үстелдің сынып қалған аяғын алып, ер адамды ұрып өлтірген.

Тағы оқыңыздар: Қажылық аяқталды: Бес парызының бірін өтеген тұрғындардың алды елге оралып жатыр

Жәбірленуші бастан 115 соққы алған және көптеген дене жарақаты да бар. Салдарынан зардап шегуші миына қан кетіп, көз жұмған.

«Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша («Кісі өлтіру») айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлады Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609092-atyrauda-er-adam-dosyn-usteldinh-ayaghym.html