RU

Ақбота Сейітмағамбет киноға түсіп жатқан үш айлық ұлын алғаш рет көрсетті (видео)

Атышулы Ақбота Сейітмағамбет өзімен бірге киноға түсіп жатқан ұлын алғаш рет көрсетті. Ол желідегі парақшасына сәбиінің видеосын жүктеді.

Әртіс өз кезегінде үш айлық баласының телехикаяға түсіп жатқанын да айтты.

"Балапаным,құлыным менің! Менімен киноға түсіп мәәәәәз болып жүр!",- деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Жазира мен Жанболат өздерін жамандайтын адамдарды қалай ұстап алғанын айтып берді

Ақбота мен Дәуреннің ұлы Ибрахимнің сықылықтай күліп жатқан видеосын көрген желі қолданушылары езулеріне еріксіз күлкі үйірілгенін айтып, кішкентай сәбиге ақ тілектерін жаудырды.

"Не деген тәтті бала", "Құдай күлкісінен, мына видеоны неше рет көрдім екен", "Ерні Дәуренге ұқсаған сияқты", "Сәбидің күлкісінен артық қандай бақыт бар", -деп жазды желі қолданушылары.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609113-aqbota-seyitmaghambet-kinogha-tusip-zha.html