RU

Бір өліп, қайта тірілген бүлдіршіннің анасы шарасыздықтан елден көмек сұрады

Төрт айлығынан сал ауруына ұшыраған сегіз жасар Кәмиланың анасы қызының еміне қаражат таппай, елден көмек сұрады. Сәтсіз отадан кейін клиникалық өлімді басынан кешірген бүрдіршіннің еміне қажетті жүз мыңды табуға шамасы жоқ. Шарасыз күйге түскен ана NUR.KZ  порталынан көмек сұрап, хабарласты.

"Төрт айлығынан сал ауруына ұшыраған. Не аяғынан тұра алмайды, не тілі жоқ. 2016 жылы оған ота жасалып, ол сәтсіз болды. Клиникалық өлімді бастан кешті. Бір ай жансақтау бөлімінде жатты. Клиникалық өлім кезінде ес түзсіз жатып, оның миындағы жасушалар өліп қалды. Алты ай өтті. Қазіргі жағдайы комадан кейінгі жағдай", - дейді оның анасы Ләззат.

"Қалпына келтіру емін алып жатыр. Түтікшемен демалып, зонтпен тамақ ішеді. Қазір толыққанды өз өзіне келген жоқ. Жылай да, сөйлей де алмайды. Дәрігерлер онs өз өзіне келген жоқ дейді. Енді ол қанша уақытқа созылатын белгісіз. Ай сайын еміне ғана 100 мыңға жуық қаражат кетеді. Жағдайымыз өте төмен", - деген ана пәтер жалдап тұратынын айтты.

"Пәтер жалдап тұрамыз. Өзінің пенсиясы жетпей жатыр. Өзім жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Бар ақшамызды жұмсап, екі рет Ресейге барып ем алып келдік. Енді жақсы болып келе жатқан кезде, отасы сәтсіз болып, осындай жағдайға ұшырадық. Аппаратпен жатады. Жұмысқа шыға алмай отырмын. Оны жалғыз тастауға болмайды.

Басқа балалар да бар. Бар ақшам осының еміне кетеді. Сәл де болса көмек болса деп хабарласып отырмын", - деді жанұшырған ана.

Егер жалғызбасты анаға көмек қолын ұсынатын жандар болса, мына нөмірге хабарласуына болады: + 7 778 359 80 80.

Сонымен бірге мына есепшот нөміріне ақша салуға болады.

Халық Банк: KZ 3060 1000 2000 4530 96

Тағы оқыңыздар:

Ресейлік белді дінбасы ақырзаман келе жатқанын айтып, дабыл қақты

Атырауда жұмыстасын пышақтап тастаған күзетші үш жылға сотталып кетті

Кәсіпқой бокстан кетуді жоспарлап жүрген Головкин жеке бизнесін ашып алды

"Өзімізде аз": СҚО әкімдігі Омбыға қазақ жігіттерін алып кетуге қатысты пікір білдірді

Қырғызстанда көрші үйдің 10 жасар баласын бір жыл бойы зорлаған имам елді шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609216-klinikalyq-olimdi-bastan-keshirgen-bu.html