RU

Әйелін сабауға күші жетпеген азамат шетелдегі ата-анасын көмекке шақырды

мужчина замахивается на женщину
Фото: Original

Флоридада тұратын ер адам әйелін сабау үшін Үндістандағы ата-анасын көмекке шақырған. Бұл туралы NUR.KZ порталы bagnet.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

33 жастағы Силки Гаинд пен оның кішкентай қызын полицейлер соққыға жығылған күйінде үйінен тапқан. Бұл қылмысқа күдіктілер ретінде әйелдің 33 жастағы күйеуі  Девбир Калси мен Үндістаннан келген ата-енесі ұсталды. Ер адамның 67 жастағы әкесі Джасбир мен 61 жастағы анасы Бхупиндер Кхалси тілазар әйелді сабау үшін Үндістаннан арнайы келген екен.

Белгілі болғандай Девбир әйелін бірнеше күн бойы үйіндегі бөлмеде қамап ұстаған. Тіпті тәртіпсіз болғаны үшін пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, соққыға жығып отырыпты. Ал соңғы күндері әйелді сабауға ата-енесі де кіріскен.

Тағы оқыңыздар: Шу шығарған науқастарға жекіп тастаған шымкенттік дәрігерлер жұрттың ашуына тиді (видео)

Девбир туған ата-анасын әйелін тәрбиелеуге көмектесу үшін арнайы шақыртыпты. Абырой болғанда Силкидің қолына ұялы телефон түсіп, ол өз ата-анасына қоңырау шалып үлгерген. Әйелдің ата-анасы бірден полиция шақыртты.

Барлық күдіктілер қамауға алынған, оларды депортациялау жазасы күтіп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609225-ayelin-sabaugha-kushi-zhetpegen-azamat-sh.html