RU

ҰҚК жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен астаналық қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІД-мен бірлесе отырып Астанада жоғалған Самат Шакеевті іздестіруде. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Із-түссіз жоғалған Шакеев Самат Нуриахметұлына қатысты іс сот алды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ІІД-мен бірлесе отырып бірқатар жедел-тергеу шаралары мен тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.

Құзырлы мекеме сот алды тергеу мәліметтері құпия сақталуы тиіс екенін алға тартты.

Тағы оқыңыздар: Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегіне қандай киім киетіні белгілі болды (фото)

"Құпия ақпарат тек прокурор рұқсат еткен көлемде ғана жария етіле алады", - дейді ҰҚК-да.

Еске салсақ, Шакеев Самат Нуриахметұлы 2017 жылдың 21 тамызында кезекшіліктен кейін таңғы жетіде жұмысынан шығып, үйіне оралмаған. Жары Салтанаттың айтуынша, Самат Ұлттық қауіпсіздік комитетінде капитан болып қызмет етеді.

Самат Шакеевке қатысты қандай да бір ақпарат бере алсаңыз, Салтанаттың 8 707 151 75 70 нөміріне немесе 102-ге хабарласыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609253-uqk-astanada-oz-qyzmetkerininh-zhoghaly.html