RU

Ақмола облысында сегіз жасар ұл бала аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті

Степногорскта белгісіз жағдайда сегіз жасар ұл бала жоғалды деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан тілшілеріне.

Оқиғаға қатысты белгілі жайттар: 2009 жылы туған Александр Вагнер 5 қыркүйек күні жоғалып кеткен. Бала сағат 15.00 шамасында 2 шағын аудандағы №29 үйдің ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа кетіп қалған. 

Ұл баланың үстінде сарғыш түсті майка, шолақ шалбар және қара түсті туфли болған.

Тағы оқыңыздар: Бір өліп, қайта тірілген бүлдіршіннің анасы шарасыздықтан елден көмек сұрады

Полиция жоғалған бала туралы хабарламалар таратты. Құқық қорғаушылар тұрғындар тарапынан баланы көрген — білгендері болса, бірден 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609463-aqmola-oblysynda-segiz-zhasar-ul-bala.html