RU

Қанат Ислам өзгеге тиесілі медальдарды иемденіп кеткенін айтып, ағынан жарылды

9 қыркүйекте қазақстандық бокс сүйер қауымды тартысты жекпе-жектер күтіп тұр. Елордада қазақстандық танымал кəсіпқой бокс шеберлері бразиялиялық жəне аргентиналық əріптестерімен қолғап түйістермек деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жанкүйерлер əсіресе, белгілі боксшы Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы бəсекені асыға күтуде. Елордада жекпе-жек алдында өткізілген баспасөз-мəслихатында қазақ боксшылары дайындықтары жайлы баяндап, ел үмітін қалай да ақтайтындарын мəлімдеді.

Тағы оқыңыздар: Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегіне қандай киім киетіні белгілі болды (фото)

"Спортта жүргеніме 20 жыл болды. Шетелде көптеген жекпе-жектер өткіздім. Басқалар мойнына тағатын медалін мен алып кеткенмін. Сол үшін əр кезде бірінші орында тұратын нəрсе - менің дайындығым. Қарсыласым, жекпе-жектің өз елімде, өзге елде өтуі мен үшін маңызды емес. Маңыздысы - өзімнің дайындығым.

Өз еліңде, өз жеріңде, жанкүйерлеріңнің алдында өтіп отырған жекпе-жектің жауапкершілігі де зор. Сондықтан елордамыз Астанада осындай жекпе-жек өткізіп отырғанымыз - спортшы ретінде мен үшін үлкен абырой, бақыт. Маған жанкүйерлерімнің айқайлағаны, қиқулағаны деп береді деп ойлаймын", - деп Қанат Ислам жекпе-жекке қатысты дайындығы туралы мəлім етті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен «Халықаралық арнайыландырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастыруға демеушілік жасағандар: «Астана EXPO-2017»,  Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры, Астана қ. әкімшілігі, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы, «QAZAQ Promoutions», «Nelson Promoutions » және «Raynelo management» промоутерлік компаниялары, «BI Group», «Базис А» және «Mabetex Group» құрылыс компаниялары, «Qazaqstan» мен «Qazsport»  телеарналары, сондай-ақ «NUR.KZ» ақпараттық порталы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609593-qanat-islam-ozgege-tiesili-medaldar.html