RU

19 жастағы ақтөбелік жігіттер телефон мен әмиян үшін такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

Ақтөбеде такси жүргізушісін қылғындырып өлтірген екі күдікті ұсталды. 19 жастағы екі жігіт те жасаған қылмыстарын мойындады. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

17 тамыз күні Ақтөбе-Астрахань тас жолы бойындағы көлік ішінен ер адамның мүрдесі табылған еді. Онда Жигули маркалы көлікте 55 жастағы ақтөбелікті қауіпсіздік белдігімен қылғындырған.

Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Олар өлген адамның әмияны мен ұялы телефонын қолды еткен.

Тағы оқыңыздар: Бір миллиард тұратын сарайды шымкенттік танымал кәсіпкер сегіз есе арзан бағаға алған

Қазіргі таңда «Адам өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609622-19-zhastaghy-aqtobelik-zhigitter-telefon-m.html