RU

Ақмолада жоғалған 8 жасар бүлдіршін табылды

Степногорскте із-түссіз жоғалып кеткен 8 жастағы бала табылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Степногорск  ІІБ қызметкерлеріне 5-ші қыркүйек күні 2009 жылғы баланың әкесі барған. Ол аулада ойнап жүрген ұлының сағат түскі үштер шамасында жоғалып кеткенін айтқан. Оны іздестіруге полицияның барлық құрамы жұмылдырылды.

"Жоғалған бала табылды, қазір барлық ақпарат анықталып жатыр", - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

 Тағы оқыңыздар: Шымкентте қарулары бар бір топ жасөспірім ұсталды

Еске салсақ, Ақмолада аулада ойнап жүрген 8 жастағы баланың жоғалғаны туралы жазған болатынбыз. Полиция жоғалған бала туралы хабарламалар таратып, баланы көрген — білгендері болса, бірден 102 телефонына хабарласуды сұраған.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609727-aqmolada-zhoghalghan-8-zhasar-buldirshin-ta.html