Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда кішкентай қызды аяусыз зорлап өлтірген педофилге қатысты сот басталды (фото)

Опубликовано:

Атырауда сегіз жасар Айкөркем Алдамжарды зорлап, артынан айуандықпен өлтірген педофил сот алдында жауап бере бастады. Арман Рсалиевке адам өлтіру және зорлау баптары бойынша айып тағылып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Тергеу мәліметінше, 28 жастағы жігіт мас күйінде көрші үйдің қызын өзен жағасына алдап апарып, зорлаған. Артынан қылмысын жасырмақ болып, жеткіншекті өзенге лақтырып жіберіпті. Сөйтіп, Айкөркем суға тұншығып өлген.

Тағы оқыңыздар: Серік Ахметовті босату туралы шешімнің заңдылығын прокуратура тексеріп жатыр

Еске сала кетейік, Айкөркем Алдамжар биыл маусымның 14-і күні ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қыздың денесі арада бес күн өткенде Жайық өзенінен, өзі жоғалған маңнан бір шақырым қашықтықтан табылған болатын. Оны іздеуге тіпті қазір айыпталушы орындығында отырған Арман Рсалиев те қатысты. Бірақ артынан кінәсін мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1609779-atyrauda-kishkentay-qyzdy-ayausyz-zorl/

pixel