RU

Сау тамтығы қалмаған: Алматыда Lexus автокөлігі жантүршігерлік жол апатына түсті

Алматыда GS300, Subaru Forester мен Faw жүк көлігі жаппай жол апатына ұшырады. Салдарынан екі автокөліктің сау тамтығы қалмаған деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Палладин көшесіне бұрылған Subaru Forester ешқандай көліктің жоқтығына көз жеткізіп алған. Алайда жол ортасына шыққан бойда қатты жылдамдықпен келе жатқан Lexus GS300 көлігінің жақындап келе жатқандығын көреді.

Жол апатын болдырмауға тырысқанымен Lexus жүргізушісі Subaru көлігіне соқтығысып барып, жанында келе жатқан Faw жүк көлігіне барып соғылған. Нәтижесінде аталған екі көліктің де сау тамтығы қалмаған.

Zakon.kz сайтының ақпараты бойынша жол апаты салдарынан Lexus пен жүк көлігінің жүргізушілері зардап шеккен. Сонымен бірге Subaru көлігіндегі бүлдіршін де ауруханаға жеткізілді.

Жол апатының салдарына Lexus көлігі қалпына келтіруге болмайтындай жағдайға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609821-sau-tamtyghy-qalmaghan-almatyda-lexus-avtok.html