RU

Марқұм болған Назерке Әріпті Кеңсайға құран оқуға барған адам тауып алды (фото)

Алматы облысында екі жарым айдан бері із-түзсіз кеткен бойжеткеннің денесі табылды. Марқұмның мәйітін қала тұрғыны Кеңсай бейітіне туысына құран оқуға барғанда көріпті. Бұл туралы "Бірінші Еуразия арнасына" сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Екі күн бұрын Назерке Әріптің туыстарын полицейлер мәйітті тану үшін шақырған. Ал алтыншы қыркүйекте мектепті енді бітірген оқушыны ағайындары жер қойнына тапсырды.

10 маусым күні үйінен шығып кетіп сол күйі оралмаған Назеркені жақындары табылады деп үміттенген-тін. Алайда үйінен аман-есен шыққан бауыр еті баласының мәйітін көреміз деп еш ойламағандарын айтуда. 18 жастағы бойжеткеннің ата-анасына көңіл айтып келген ағайындары қала тұрғындары Кеңсай зиратына құран оқытып бармаса, өлі-тірісін еш білмей отыратын едік дейді.

Тағы оқыңыздар: Сау тамтығы қалмаған: Алматыда Lexus автокөлігі жантүршігерлік жол апатына түсті

Назерке Әріп 11 жыл №12 Шоқан Уәлиханов атындағы гимназияда білім алған. Мұғалімдер оның сабақтан үздік болғанын және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқанын айтады. Тіпті ҰБТ-да 140 сұрақтың 100-не бірдей дұрыс жауап беріпті. Ұстаздары үмітімізді ақтады дейді. Сондықтан болар, қайғылы жағдайды ести сала мектеп түгелімен жерлеу рәсіміне кетіпті.

Ішкі істер департаментіндегілер Назеркені туыстары жер қойнына тапсырғанын білсе де, "Кеңсай зиратынан табылған мәйітті сараптамаға жібердік, оның Назерке Әріп екені әлі анықталмады" деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609839-ubt-dan-100-ball-alghan-nazerke-ariptinh-de.html