RU

Қырғыз қызы Дубайда жезөкше болудан бас тартып, еліне қашып кетті (фото)

Қырғызстандық бойжеткен жеңгетайлардың қыздарды Дубайға алдап апарып, жезөкшелік қызметпен айналысуға қалай  мәжбүрлейтінін айтып беріп, басынан өткен оқиғасымен бөлісті. Қаражат табу мақсатында шетелге барып жұмыс істеуді ұсынатындар қыздарды тұзағына түсіру үшін түрлі айлалар ойлап табатынын айтты.

Бойжеткен Kaktus.media басылымына өзінің басынан өткен жайттарын еш бүкпесіз айтып берді.

Бір жыл бұрын Карина есімді бойжеткен Мээрим есімді келіншекке жүгініп, Дубайға барып ақша тапқысы келетінін айтқан. Ол әйелмен қызды өзінің құрбысы таныстырған.

Дубайға 23 жасқа толмағандар кіре алмайтынына қарамастан Мейірім құрығы ұзын екенін айтып, 19 жастағы бойжеткенді уәдені үйіп төгеді.

Тағы оқыңыздар: Сау тамтығы қалмаған: Алматыда Lexus автокөлігі жантүршігерлік жол апатына түсті

Осылайша ол 2016 жылы Дубайға аттанған. Сауда үйінде кеңес беруші әрі сатушы болып жұмыс істеуге барған Каринаға аяқ астынан жұмыс табылмай қалған. Ал өзін апарған әйел оған уақытша массаж жасайтын салонға жұмысқа тұруды ұсынған.

Осылайша Карина өзінің интимдік қызмет көрсетуге келгенін бірден түсінеді. Мээрим ұйықтап жатқан кезде ол әуежайға хабарласып, қайтар билетті таяу күнге ауыстырып, ертеңінде Бішкекке ұшып келеді.

Келгеннен соң ол құқық қорғау органдарына арыз жазған. Себебі ол одан кейін тағы да бірнеше қызды өз құрығына түсірмек болған екен. Қазіргі таңда жеңгетайлық айналысқан әйелге іздеу салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609845-qyrghyz-qyzy-dubayda-zhezokshe-boludan-b.html