RU

БҚО-да ірі шенеунік маңызды жиналыс кезінде ұйықтап қалды (фото)

Батыс Қазақстан облыстық жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің басшысы Мақсат Қожабаев ірі жиындардың бірінде ұйықтап қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жиын төрінде отырған Мақсат Қожабаевтың алғашында қалғып отырғаны байқалған. Кейін басшы алаңсыз тәтті ұйқыға кетті. Бір қызығы, аталған жиынға қатысқан басшы бір ауыз сөз сөйлемей, жиын соңына дейін жұмған аузын ашқан жоқ.

Тағы оқыңыздар: Серік Ахметовті босату туралы шешімнің заңдылығын прокуратура тексеріп жатыр

Ал жиналыстан Facebook желісінде тікелей эфир жүргізген облыстық прокуратура ұйқыдағы Қожабаевты көп түсірмеуге тырысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609846-bqo-da-iri-sheneunik-manhyzdy-zhinalys-ke.html