RU

Әйелін көңілдесімен ұстап алған күйеуі 15 жылға сотталып кетуі мүмкін (фото)

АҚШ тұрғыны Шон Донис өзінің жұбайы Нэнсиден күдіктеніп, оны сыртынан аңдумен болған. Әйелінің жүріс-тұрысын видеоға түсіріп алған ол ақырында жан жары көзіне шөп салып жүргенін анықтаған. Алайда күйеуі өзінің ізін аңдып, видеоға түсіргенін көрген әйел оны сотқа беріп, он бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Нэнси күйеуінің көзіне шөп салып, оның сыртынан өзінің бастығымен көңіл жарастырған. Әйелін аңдып жүріп, оның барлық әрекетін видеоға түсірген Шонға енді бір адамның жеке өміріне араласқаны үшін айып тағылған.

Тағы оқыңыздар: Марқұм болған Назерке Әріпті Кеңсайға құран оқуға барған адам тауып алды (фото)

Мұнымен қоймай алты жыл отасқан заңды жұбайы оны он бес жылға  бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.

Өмірлік таңдауы болған әйелің мұндай арсыз әрекетінен қатты соққы алған Шонның жүйке жүйесі де сыр бере бастаған. Алайда оның қорғаушысы оның сотталып кетуіне жол бермейтінін айтуда.

"Ешбір алқабилер соты оны кінәлі деп таппайды. Ал қылмыстық іс қозғау туралы айтудың өзі артық", - деген пікірде ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609934-ayelin-konhildesimen-ustap-alghan-kuye.html