RU

Ажырасқан әйел отандық телеарналардың бірінде дау шығарды (видео)

"Еуразия" телеарнасындағы "Қалаулым" ток-шоуының тікелей эфирінде ажырасқан әйел дау шығарды. Замираның шамына  Мәдидің "ажырасқан әйелдер керек емес" деген сөзі қатты тиіп кеткен.

"Сен неге елге "Бізге ажырасқан әйелдер керек емес" деп айтасың. Маған тиіп кетеді деп ойлап отырған жоқсың ба? Осы арада мен ғана ажырасқанмын. Сен маған өйтіп сөзіңді тигізбе. Абайлап сөйле. Әйтпесе, мұрныңды бет қыламын!",-  деді ашуланған Замира Мәдиге.

Тағы оқыңыздар: Танымал дизайнер Астанадағы сән үйінің ашылуын дүркіретіп өткізді (фото,видео)

Ал Мәди болса өз кезегінде ажырасқан қыздардың бойдақ жігіттерге келгеніне намыстанғанын айтты.

"Тимейді дейсің ба, намысқа? Қазақта деген намыс қайда? Ата-аналар кішкене айтса болады ғой "Айналайын-ау, ол бала әлі үйленбеген, ертең сені қабылдамаса қайтесің деп",- дейді Мәди.

Бағдарлама жүргізушісі Аша Матай екі тарапқа басу айтып, "бақытқа әркімнің лайық екенін" айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1609953-azhyrasqan-ayel-otandyq-telearnalard.html