RU

ШҚО тұрғыны өзімен билеуден бас тартқан бойжеткеннің басын жарып тастады

ШҚО-дағы Зырян ауданында кафе қонағы өзімен билеуден бас тартқан бойжеткеннің басына стақанмен ұрып, зақым келтірген деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Зырянда ішімдікке тойып алған кафе қонағы көрші үстелде отырған бойжеткенге көзі түсіп, они биге шақырған. Бойжеткен билеуден бас тартқаны үшін 31 жастағы ер адам оның үстіне ішімдік шашып жібереді. Ашуланған бойжеткен есесін жібермей, оның үстіне сусынды құйып жіберген.

Тағы оқыңыздар: Әйелі мен баласын қызғанған жігіт оларды жылу батареясына байлап, қорлап келген

 

Осы тұста, жігіт те қарап қалмай, қолындағы стақанды қызға қарай лақтырып жіберген. Қыздың басына барып тиген стақан сынып түсіп, қыз түрлі жарақаттар алған.

Дегенмен, миы шайқалған бойжеткен оын кешіріп, тараптар татуласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610028-shqo-da-kafe-qonaghy-ozimen-bileuden-bas.html