RU

"Иванушки" тобының мүшесі сынға алған қонақүй отандық депутатқа тиесілі болып шықты

Жуырда Ақтөбеге гастролдік сапармен барған "Иванушки International" тобының мүшесі ондағы қымбат қонақүйлердің бірін сынға алған болатын. Аталған қонақүйдің қожайыны Қалауша Садықова оның сынына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Иванушки" тобының мүшесі Андрей Григорьев-Аполлонов тоқтаған қонақүй облыстық мәслихат депутатының отбасы Асқар Садықовқа тиесілі.

Қонақүй басшысы, депутаттың жары Қалауша Садықова әнші тоқтаған бөлмеде неліктен тоңазытқыш тоқтан суырылып, телефон жұмыс істемегенін айтты.

Тағы оқыңыздар: Ажырасқан әйел отандық телеарналардың бірінде дау шығарды (видео)

"Жаңа жиһаз, теледидарлар сатып алдық, жиһаздардың орнын ауыстырдық. Сондықтан әнші айтып отырған шаш кептіргіш диванның жанында қалып қойған. Оны ұмытып кеткен.

Ал розетка жөнінде айтар болсам, ол жерде жалғастырғыш тетік болған. Бірақ оны көп жағдайда ұрлап кетеді. Ал дәл сол күні тоңазытқыш қосылмай қалған. Теледидар жұмыс істеп тұр. Тек қана спуитниктің ТВ режиміне қосу керек болған.

Телефондарды сатып алдық, бірақ шағын станцияларға ақысы төленбегендіктен, олар істемей тұрған. Сондықтан да клиенттерімізге ұялы телефондар таратамыз. Қонақүйіміздің ашылғанына енді ғана бір жыл толды. Ал мұндай дәрежелі әншінің ескертулеріне қуанбасам ренжіген жоқпын. Жалпы сынды дұрыс қабылдаймын", - деді ол.

Тағы оқыңыздар: Танымал дизайнер Астанадағы сән үйінің ашылуын дүркіретіп өткізді (фото,видео)

Еске салсақ, аталған топтың әншісі Андрей Григорьев-Аполлонов Ақтөбедегі қымбат қонақүйдің сапасына көңілі толмай, арнайы видео түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610056-ivanushki-tobynynh-mushesi-syngha-alghan-q.html