RU

Павлодарда апалы-сіңлілі оқушыларды трамвай басып кетті (фото, видео)

Павлодар қаласында таңғы 7.30 шамасында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі оқушы трамвайдың астына түсті деп хабарлайды Baq.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға облыс орталығының Катаев-Ломов көшелерінің қиылысында болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімет берді.

«Бүгін таңертең 10 және 11 жастағы екі қыз трамвай астында қалды. Өкінішке қарай, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екінші қыз қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы аса ауыр. Дәрігерлер оған ми жарақаты деген диагноз қойды. Бұған қоса, органдарының көбіне зақым келген», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оразалин.

Тағы оқыңыздар: Алматылық каратэші имам мешітте тәртіп бұзған сәләфті "ұйықтатып" тастады (фото)

Палводар трамвай басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, №1 маршрутты трамвай алюминий зауытына бара жатқан. Рельсті көлікті 1987 жылы туған, бес жылдық жүргізушілік тәжірибесі бар ер адам тізгіндеген.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы салдарынан Катаев-Ломов көшесінің қиылысында қозғалыс тоқтатылды. Сонымен қатар, ондаған алюминий зауытының қызметкерлері жұмыс орындарына кешігіп қалған.

Қос бүлдіршін бір үйдің балалары екені анықталды.

Видео: pavlodarnews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610062-pavlodarda-apaly-sinhlili-oqushylardy.html