RU

Наталья Слекишина түрмеде көрген сексуалды зорлығы үшін үш миллион алады

Уақытша тергеу оқшаулағышында зорлық көрген Наталья Слекишина изолятордың бұрынғы қызметкері Руслан Хакимовтан үш миллион теңге көлемінде моральдық залал үшін өтемақы алады. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

2015 жылы мамыр айында Алматы қаласының соты Наталья Слекишинаны сегіз жылға бас бостандығынан айырады. 2015 жылы қаңтарда Наталья Слекишина өзінің екі сыбайласымен бірге азаматтық некедегі күйеуі мен оның анасы тұратын үйге қарақшылық жасаған.

2016 жылы жазда Слекишина түрме қызметкерлері өзін зорлағаны туралы шағым жасайды. Айыпталушылар өз кінәсін мойындамайды. Слекишина өз мерзімін өтеу кезінде қыз бала туады және сараптама нәтижесінде баланың әкесі түрме қызметкері Руслан Хакимов болып анықталады.

Тағы оқыңыздар: Павлодарда апалы-сіңлілі оқушыларды трамвай басып кетті (фото, видео)

Хакимов зорлық жасағаны үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Кейіннен Слекишина өз мерзімін өтеу уақытын баласы 14-жасқа толғанға дейін кейінге шегеру туралы өтініш жасап, сот оның өтінішін жартылай қанағаттандырып, мерзімін өтеу уақытын бес жылға шегерді.

Ақпан айында Слекишина сот белгілеген бес жыл мерзімге бостандыққа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610210-natalya-slekishina-turmede-korgen-sek.html