Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында музыка пәнінің мұғалімі оқушы қыздарға азғындық әрекеттер жасаған

Опубликовано:

Қостанай облысында 40 жастағы музыка пәнінің мұғалімі оқушы қыздарға азғындық әрекеттер жасады деп күдіктелуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысы прокуратурасының басқарма басшысы Қайрат Жүсіповтің мәліметіне сәйкес, кәмелет жасқа толмаған қыздарға азғындық әрекеттер жасады деп күдіктелген ұстаздың үстінен 12 маусым күні сот алды тергеу жүргізілді.

Тергеу нәтижесінде ер адамның әрекеті "Кәмелетке толмағандарға күш көрсетпей бірнеше рет азғындық әрекеттер жасау" бабы бойынша қарастырылатын болды.

Тағы оқыңыздар: Жанар Дұғалованың "етегі жоқ" көйлегі жұрттың жағасын ұстатты (фото, видео)

"Кәмелетке толмағандардың құқын қорғау мақсатында олар білікті адвокаттармен қамтамасыз етілді. Облыс прокруатурасы 28 тамыз күні Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі бойынша ауданаралық сотына істі қарастыру үшін бағыттады", - дейді Қайрат Жүсіпов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1610231-qostanay-oblysynda-muzyka-panininh-mu/

pixel