RU

Сапарбаевтан үнемі сөз естіп жүрген басқарма басшысы қызметінен кетіп тынды

Ақтөбе облысының бас ұстазы Сәуле Өмірбекова қызметінен кету жөнінде арыз қалдырды деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Әзірге, ресми ақпарат жоқ. Дегенмен, білім саласының қызметкерлері оның қызметтен кетіп жатқанын растады.

Aktobenews.kz тілшісіне берген бір сұхбатында Сәуле Өмірбекова өзін облыстағы күйзеліске шыдамды шенеунік деп санайтынын айтқан болатын. Күйзеліске қатысты сынақта ол ең жоғары балл жинаған.

Тағы оқыңыздар: ШҚО-да кафе қонағы өзімен билеуден бас тартқан бойжеткеннің басын жарып тастады

Сәуле Рахымқызы әрдайым облыс басшысынан сөз естіп жүрді. Соған қарамастан, бір жылдан астам уақыт облыстық білім басқармасына басшылық етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610253-saparbaevtan-unemi-soz-estip-kelgen-b.html