RU

Жалаңаш суретімен танымал болған оралдық полицей қызметінен қуылды

Жалаңаш күйіндегі суреттерімен желіде танымал болған оралдық полицей қызметінен қуылды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл фотолар желіде пайда болған уақытта полицей учаскелік инспектор болып қызмет етіп жүрген.

«Ол қызметінен кетті. Қазір резервте тұр», - деп мәлімдеді БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осы жылдың тамызында әлеуметтік желіде полицейдің жалаңаш күйіндегі фотосы пайда болды. Онда берілген сипаттамада сол суреттерді жезөкше полицейден өшін алу үшін түсіргені айтылған.

Тағы оқыңыздар: Бекболат Тілеухан сәбилер мен әйелдерді қырған жауыздарға лағнет айтты

Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс басталды. Ал содан кейін суреттегі бойжеткен жеңіл жүрісті емес, полицейдің танысы деген пікір таралды. Суреттерді әйел өзінің қажетіне жарату үшін түсірген.

Ал майор Ермек Каюпов БҚО ІІД-нің жеке қауіпсіздік басқармасына арыз жазды. Осыған орай ҚР Қылмыстық кодексінің 147 бабы, 1 бөлігімен қарастырылатын (жеке өмірге қол сұғылмаушылық және ҚР жеке тұлғаға қатысты мәліметтер мен оны қорғау туралы заңнамасын бұзу) қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеу басталды.

Бұл істе кімнің күдікті ретінде қарастырылып жатқаны туралы мәлімет жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610274-zhalanhash-kuyindegi-suretimen-zhelide-t.html