RU

Бекболат Тілеухан сәбилер мен әйелдерді қырған жауыздарға лағнет айтты

Бекболат Тілеухан Мьянмадағы мұсылмандарды қуғындауға қатысты пікір білдірді. Шенеунік әйелдер мен сәбилерді аяусыз қырғандарға лағнет айтты деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Адам деген аттан садаға кеткір сайтандар-ай! Сәби демей, әйел демей қалайша қыра берген?! Алла жазаларыңды беріп, екі дүниенің азабына ұшырағыр ібілістер-ай! Жүрегімізді қан жылатты-ау, xайуаннан бетер қаншелектер! Лағнет болсын жауыздарға! Жәннат болсын бауырларға! Біз дұғадамыз!", - деп жазған ол.

Тағы оқыңыздар: Жанар Дұғалованың "етегі жоқ" көйлегі жұрттың жағасын ұстатты (фото, видео)

Сондай-ақ, мәжіліс депутаты әлемдік әділетсүйгіштердің үнсіз жатқанын да атап өтті.

"Мысығы мыжылып өлсе аттандайтын әлемдік "әділетсүйгіштер" жазықсыз сәбилерді езгілеп жатқанда неге үнсіз?!",- деп жазған Бекболат мырза.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610286-bekbolat-tileukhan-sabiler-men-ayelde.html