RU

Оралда үш баланың анасы манты жеймін деп тіл тартпай кетті

Оралда үш баланың анасы манты жеп, тіл тартпай кетті. 46 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс көтерді деп хабарлайды Уральская неделя сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Ал балалардың астан улануын ювенальды полиция тергеп жатыр.

"Бұл отбасы мантыдан уланды. Үш баланың үлкені (болжам бойынша қыз) оны жеуден бас тартқан. Оған манты бұзылғандай көрінген. Балалардың анасы уланғаннан оқиға орнында көз жұмды. Үш бала да облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілді", - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыздар: Бекболат Тілеухан сәбилер мен әйелдерді қырған жауыздарға лағнет айтты

Бұдан бұрын денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Қанат Төсекбаев Уральская неделя басылымына 25 тамыз күні жедел жәрдем бригадасы келіп жеткенде 1971 жылғы келіншектің көз жұмғаны туралы хабарлағанын айтқан болатын.

Қайтыс болған әйелдің балалары "жедел гастроэнтероколит, 2-3 деңгейдегі эксикоз. 2-3 деңгейлік инфекциялық-токсикалық шок" деген алдын ала қойылған диагнозбен жансақтау бөліміне жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610378-oralda-ush-balanynh-anasy-manty-zheymin-d.html