RU

Әйелі мен баласынан бір күнде айырылған оралдық жігіт өзінің қателігі үшін қатты өкінді

5 қыркүйек күні Орал қаласында жантүршігерлік қылмыс болды. 24 жастағы жігіт екі әйел мен үш жастағы сәбиді аяусыз өлтіріп, артынша үйді өртеп кеткен. Бүгін оларды жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Қайтыс болған Баянсұлудың күйеуі Мереке жұбайы мен баласы туралы айтып берді.

"Біз болашақ жарымыз екеуіміз студент кезімізде таныстық. Ол біздің ауладағы пәтерді жалдап тұратын. Мен оны ұнатып жүрдім де, біраз уақыттан соң сөйлесе бастадық. Үш жыл өткен соң үйлендік. Ал, бір жылдан кейін тұңғышымыз Мансұр дүниеге келді", - деп есіне алды Мереке Серікжан.

Оның айтуынша, сәбилері екі жасқа толғанда олар бөлек тұру туралы шешім қабылдаған.

"Біз ол кезде әлеуметтік желіге бола ұрысып қалған едік. Одан кейін бөлек тұра бастадық. Әйелім маған ұлыма түн ішінде келмеуімді өтінді. Өйткені, менің жұмысым түнге дейін созылатын. Алайда, қолым тигенде мен баламды алып кетіп, ойын-сауық орталықтарына апарып қыдыртатынмын. Ол да басқа сәбилер секілді тәттілер мен жемісті жақсы көрді.

Мен өзімді жетілдіріп, ұлымның болашағы жарқын болу үшін және өзімде болмағанды соған беру үшін аяққа тұрып кетуді көздеп жүрдім", - деп көзіне жас алды қайғыдан қан жұтып отырған әке.

Тағы оқыңыздар: Оралда үш баланың анасы манты жеймін деп тіл тартпай кетті

Мерекенің сөздерінше, ол өзінің әйелі мен баласын үлкен қайшымен аяусыз өлтіргенін білген.

"Оларды неге өлтіргенін мен әлі де түсінбеймін. Күдіктінің бірден табыла кетіп, өз қылмысын мойындағанына сене алар емеспін. Мен оның көзіне тіке қарап, шын мәнісінде сол өлтірді ме, жоқ па және не үшін бұлай істегенін білгім келеді. Егер оның қылмысы дәлелденсе, онда ең қатаң жазаға кесілсін", - дейді ашуға булыққан жігіт

"Қазіргі қоғам шынайы өмір сүруді білмейді. Барлығы әлеуметтік желіде ғана араласады. Мен басқаларға уақытын босқа жоғалтпасын деп кеңес бергім келеді. Менің басыма түскен жағдай бәрінде болуы мүмкін ғой.

Енді мен қатты жақсы көрген әйелім мен баламды қайтара алмаймын, және мен сол үшін өмір бойына өкініп өтемін", - деп аяқтады сөзін Мереке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610380-bir-kunde-ayeli-men-balasynan-ayyrylgh.html