RU

Ақмола облысында жоғалған сегіз жасар баланы бейтаныс әйел өз үйіне алып кеткен

Степногорскіде жоғалып кеткен баланы қарт әйел аулада жүрген жерінен алып кетіп, үйіне апарған, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бесінші қыркүйекте сегіз жасар Александр Вагнердің аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткені туралы хабар тарады. Бағыттама әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы таратылып, алтыншы қыркүйек күні кешкісін бүлдіршін аман-есен табылды.

Полицияның айтуынша, 6 қыркүйек сағат 16.00 кезінде ювенальды полиция қызметкерлері көрші аудандарды аралап, жоғалып кеткен жеткіншекті бір әйелдің ертіп бара жатқанын көреді. Кейін олар баланы тәулік бойы көз ілмеген ата-анасымен табыстырды.

Тағы оқыңыздар: Оралда үш баланың анасы манты жеймін деп тіл тартпай кетті

Анықталғандай, 5 қыркүйек күні бала ауласында ойнап, арасында үйіне келіп жүреді. Сол кезде аулаға 1958 жылғы әйел келіп, баланы үгіттеп, өз үйіне алып кеткен. Бейтаныс әйел жеткіншекті тамақтандырып, үйіне қондырады. Келесі күні сағат 16.00 кезінде олар қыдыруға шығып, ювенальды полицейлерге кез болыпты.

Құқық қорғау органдары әйелге қатысты тексеру жүргізуде. Полицейлердің сұрағына, ол баланы іздеп жатқанын білмедім деп жауап берді. Аталған деректінің қылмыс па, жоқ екені әлі анықталған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610549-aqmola-oblysynda-zhoghalghan-segiz-zhasa.html