RU

Ерке Есмаханның көп іздеген сүйіктісін Қырғызстаннан тапқаны рас па? (видео)

"Алматыда жоқ-жоқ, Ақтөбеде жоқ" деп әндетіп, еліміздің түкпір - түкпірінен сүйіктісін таппаған  Ерке Есмахан махаббатын іздеп қырғыз елінен бірақ шықты. Айыр қалпақты ағайындардың танымал әншісі Нұрлан Нәсіптің кешіне арнайы қонақ болып барған Ерке қырғызстандық тыңдармандардың да жүрегін жаулап үлгерген.

Тағы оқыңыздар: Жанар Дұғалованың "етегі жоқ" көйлегі жұрттың жағасын ұстатты (фото, видео)

Желі қолданушылары Ерке мен Нұрланның жарасымды жұп екенін жарыса жазып, Есмаханның өз елінен таппаған ғашығы қырғыз елінде болар деп әзіл-шыны аралас пікірлер қалдыруда.

"Нұрланға Әселден қарағанда әдемі жұп", "Ерке қыз ғашығын Бішкектен тапқан сияқты", "Әсел байқұс, Ерке сені тартып алды ма?",- деп жазды қырғыз елінің желі қолданушылары.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610550-erke-esmakhannynh-kop-izdegen-suyiktis.html