RU

Бір мезетте түсіп кеткен доллар бағамы қазақстандықтарды алаңдатып қойды

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бірден бес теңгеге қымбаттап, доллар құны түсіп кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

KASE-тің 7 қыркүйектегі күндізгі көрсеткіші бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 335,22 теңгеге тең болған. Айта кету керек, таңғы сауда нәтижелері бойынша оның бағамы 339,80 теңге болған.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында жоғалған сегіз жасар баланы бейтаныс әйел өз үйіне алып кеткен

Алматы мен Астананың айырбастау орындарында долларды сатып алу 335-336 теңгеге тең болса, сату - 337-338 теңге болған.

Еске салсақ, Қазақстанның Ұлттық банкінде 21 тамыз бен 6 қыркүйек аралығындағы теңге бағамы 2,6%пайызға құлдыраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610589-bir-mezette-tusip-ketken-dollar-bagham.html