RU

Спортта "қара белбеуі" бар Путин мен Моңғолия басшысы жекпе-жек өткізуі мүмкін

Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Ресей президенті Владимир Путин мен Моңғолия басшысы Халтмаагийн Баттулга арасында дзюдодан кездесу өткізу туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Владивостокта өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумында сөз сөйлеген Синдзо Абэ аталған екі ел президенттерінің екеуінде де дзюдодан "қара белбеу" бар екенін алға тартып, Жапония федерациясының вице-президенті Ясухиро Ямаситаға (1984 жылғы Олимпиада чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы) оларды Жапонияға шақыруды ұсынды.

Тағы оқыңыздар: Ердоғанның жұбайы Мьянма мұсылмандарына көмектесу үшін Бангладешке барды (фото, видео)

«Сол кезде біз Жапонияда президенттер арасындағы кездесуді өткізер едік. Бұл қызық болар еді. Солай емес пе?», - деді Абэ.

Жапония премьерінің өзі болса бұл кездеуден өзін алшақ ұстайтынын жасырмады.

«Менің қара белбеуім жоқ және мен жарақат алғым келмейді. Сол себепті мен керемет жекпе-жекті сыртынан ғана тамашалап тұратын боламын", - деп қосып қойды министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610673-dzyudodan-qara-belbeu-iegerleri-putin.html