RU

Сапарбаев емханаларға жетпей тұрған қымбат жабдықтарды ауылдан тауып алды

Ақтөбе облысында емханада тұруы тиіс қымбат медициналық жабдықтар ауыл мектептерінен табылды. УЗИ аппараты мен стоматологиялық құрылғы бірнеше жылдан бері пайдаланылмай келген деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыс активінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев медицина мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, 2015 жылы медициналық құрал-жабдықты сатып алу үшін 580 млн теңге, ал 2016 жылы — 900 млн және биыл — 1,8 млрд теңге бөлінген. Содан кейін Бердібек Сапарбаев облыстық денсаулық сақтау басқарамысының басшысы Әсет Қалиевтен қандай құрылғылар сатып алынып жатқанын сұрады.

Сондай-ақ, облыстың бас дәрігері берген мәліметке сәйкес, ми жарақаты кезінде ота жасайтын құрылғы, нәрестелерге де ота жасауға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, кардиохирургия мен трансплантология саласына арналған жоғары технологиялық жабдықтар сатып алынған.

Тағы оқыңыздар: Наталья Слекишина түрмеде көрген сексуалды зорлығы үшін үш миллион алады

Содан кейін Бердібек Сапарбаев ауыл мектептерінде қолданылмай тұрған қымбат медициналық жабдықтардың тұрғанын айтты.

«Іссапарда болғанымда ауыл мектептерінен УЗИ аппаратының тұрғанын көрдім. «Қашан алған?» деп сұрасам, «екі жыл бұрын алынды» дейді. Кейбір мектептерде тіс емдеуге арналған кресло тұр. Біреуінде гинекологиялық жабдықтар да бар», — деп Бердібек Сапарбаев облыстың бас дәрігеріне қарата айтты.

«Сіздің тапсырмаңыздан кейін арнайы жұмыс тобын құрдық. Әйтеке би мен Ырғыз аудандарының мектептерінде стоматологиялық құрылғылар табылды. Біз оны жіті талқылап, мектептен алып, емхананың қарамағына беру шешімін қабылдадық», — деп жауап берді Әсет Қалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610749-saparbaev-emkhanalargha-zhetpey-turghan.html