RU

"Әбу-Даби Плаза" жатақханаларын Ұлттық ұланның күшейтілген жасағы торуылдап жүр

Ұлттық ұланның жасақтары "Абу-Даби Плаза" кешені құрылысщыларының жатақханасы төңірін бақылауда ұстап жүр. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары жанжалды шығарғандар мен қазір жүргізіліп жатқан амалдар туралы айтты.

"Қоғамдық тәртіп қадағалануда. Ахуал бірқалыпты, ең бастысы, қазір Ұлттық ұланның күшейтілген жасақтарын жұмысшылар тұратын жатақхана төңірегіне қойып қойдық", — деді Мұсақанов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыздар: Наталья Слекишина түрмеде көрген сексуалды зорлығы үшін үш миллион алады

"Негізінен көрші үйлердің тұрғындары мен күзетшілер, "Абу-Даби Плаза" жұмысшылары шыққан – олар ұялы телефон арқылы топ жинамақ болыпты. Жолдарды жауып, неше түрлі сөздер айтып айғайлап, қоғамдық тәртіпті бұзды.

Бірақ полиция бөлімшелері уақытылы шара қолданған. Әкімшілік амалдар жүргізіліп, олар ұсталды. Бұл қарапайым азаматтар, бұзақы немесе басқадай адамдар емес", — дейді Мұсақанов.

Тағы оқыңыздар: Сен маған бастық емессің: ЭКСПО маңында ерегесіп қалған сақшылар жұмыстан қуылды

Естеріңізге сала кетсек, 2 қыркүйек күні кешкісін "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен Үндістаннан келген жұмысшылар арасында жанжал туындады. Жаппай төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған.

Орын алған қақтығыстан кейін оқиға орнында қоғамдық тәртіп бұзған 40-тан астам адам полицияға жеткізілді. Олардың сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғандары профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен соң босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1610795-ulttyq-ulannynh-kusheytilgen-zhasaghy-ab.html